Медиахолдингке фототілші қажет

«Шығыс ақпарат» ЖШС бос тұрған фотокорреспондент лауазымына конкурс жариялайды.

Талаптар:

— фотография, кино-бейнетүсіру және осы салаға жақын мамандықтар бойынша білімі немесе фото-бейнетүсіру тәжірибесі болуы керек;

— жарық түсіру дағдыларын меңгеру, ракурс таңдау, портреттік суреттерді, қозғалыстағы динамикалық суреттерді түсіру, сюжетті түсіну, жағдай өзгерген кезде кадрды анықтау, фотосуретті өңдеу, түсіру жағдайына байланысты объективпен және диафрагмамен жұмыс істеу, фото-дизайнның барлық дағдыларын білу.

Жауапкершілік және міндеттер:

— оқиға орнынан фото және видео түсіру;

— статикалық түсірілім;

— қозғалыста түсіру;

— бағдарламаларды пайдаланып фотосуреттерді өңдеу;

— сахналық түсірілім;

— фоторепортаждар, фотогалереялар құру;

— репортермен бірге жұмыс барысында түсіру;

— фотосессиялар өткізу.

Еңбекақы: әңгімелесу кезінде (280 000 теңгеден төмен емес) нақтыланады.

Жұмысқа орналасу тәртібі:

— Еңбек кодексіне сәйкес келісімшарт (штаттық қызметкер);

— ақылы қызмет көрсету келісімшарты (штаттан тыс).

Конкурсқа қатысу үшін:

— жұмыс тәжірибесі, дағдылары, оның ішінде жеке жобалардағы жұмысы сипатталған түйіндеме; жұмыс орнының сайты немесе телефоны;

— электронды фотосуреттер портфолиосы: 3 портреттік, 3 қозғалыста, 3 үй-жайда, 3 ашық кеңістікте, табиғатта, елді мекен көшелерінде;

— бұрынғы жұмыс орындарынан және жобалардан ұсыныстар (плюс болады);

— білімі туралы құжат;

— жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі).

Көрсетілген құжаттар otdelkadr@mail.kz электронды мекенжайына жіберілсін

Сіздің электронды хабарламаңыз конкурсқа өтінім болып саналады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.10.2023 ж. бастап 05.11.2023 ж. дейін.

 

Back to top button